{metadescription}
Түркістан облысында әріптестерін өлтірген инкассатор несиесін жаппақ болған

Түркістан облысында әріптестерін өлтірген инкассатор несиесін жаппақ болған

Түркістан облысында екі инкассатордың өлімі үшін ұсталған күдікті қылмысқа не себепті барғанын айтты. 

Арыс ауданында инкассаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдікке ілінген азамат Арыс аудандық сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Күдікті 38 жаста, 5 баласы бар. Ол 2007 жылдан бері оққа ұшқан инкасаторлармен бірге Арыс қаласындағы "Қазпочта" бөлімінде жұмыс істеген.

Күдікті қылмысқа 2 банктен алған кредиті мен басқа да қарыздарын жабу үшін барғанын айтқан. Қазір қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Үш бап бойынша, іс жүргізілуде. 

Еске салайық, 7 маусым күні Түркістанда инкассаторға шабуыл жасап, қызметкерлерді өлтірген болатын. Қандықол әріптесінің қолынан қаза болған инкассаторлардың бірі 53 те болса, екіншісінің жасы 28-де.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде