{metadescription}
Экс-президент сот залында көз жұмды

Экс-президент сот залында көз жұмды

Египеттің бұрынғы президенті әрі "Мұсылман бауырлар" ислам ұйымының лидері Мохаммед Мурси сот залында инфаркттан көз жұмған.

2015 жылдың сәуір айында Мурси наразылық білдіргендерді қамап, азаптау жөнінде бұйрық берді деген айыппен 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде оны палестиндік радикалды ХАМАС және ливандық "Хезболла" ұйымымен байланысы бар деп айыптаған.

Мохаммед Мурси 2012 жылы Египет тарыхында бірінші рет сол кездегі президент Хосни Мубаракты орнынан кетірген "араб көктемі" оқиғасынан кейін ашық сайлауда жеңіске жеткен. 2013 жылдың шілде айында Гипет қарулы күші Мурсиді биліктен аластатты. Одан кейін елді Абдул-Фаттах ас-Сиси басқарып, "Мұсылман бауырларды" террористік ұйым деп таныды.

Дереккөз: centralasian.org

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде