{metadescription}
Ақтөбеде екі жігіт дүкенге қарулы шабуыл жасап, 40-тан аса телефон ұрлаған

Ақтөбеде екі жігіт дүкенге қарулы шабуыл жасап, 40-тан аса телефон ұрлаған

Ұялы телефондар сатумен айналысатын дүкенге қарулы шабуыл жасалып, 40-тан аса «Айфон» ұрланған.

18 мамырда, сағат 09:20-да орын алған. Шернияз бен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы ұялы телефондар сатылатын дүкенге медициналық маска киген екі жігіт қарақшылық шабуыл жасады. Олардың бірінің қолында пышақ, екіншісінде тапанша болған. Осылайша, екеуі ұялы телефондарды ұрлап кетіпті. 

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберілді, деп жазады stan.kz. Шұғыл шараларды жүргізу барысында, полицейлер 2 сағаттан кейін «Мәдениет» сауда үйінің аумағында «Датсун» көлігін тоқтатты. Оның салонында 20 және 22 жастағы екі жігіт болған. 

Көліктің жүк салғышынан «Айфон» маркалы 43 смартфон тәркіленді. Сонымен қатар жүк салғыштан газды тапанша мен пышақ табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабына сәйкес (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде