{metadescription}
Өскеменде он қабатты тұрғын үй өртенді

Өскеменде он қабатты тұрғын үй өртенді

Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. 

Бұлтуралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлайды. Оның айтуынша, 18 маусымда сағат 21:45-те Өскемен қаласындағы «101» қызметіне Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына 21:51-де алғашқы алғашқы өрт сөндірушілер келіп жетті.

Тұрғын үйдегі жеделсаты шахтасында үшінші қабаттан сегізінші қабатқа шейінгі аралықта электр кабелі өртеніп жатқан. Құтқарушылар алдымен 26 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оның ішінде 8 бала бар. Тағы 6 адам құтқарылды, оның біреуі бала. Екі адам тоғызыншы қабаттан автосаты көмегімен түсірілген.

Жалын сағат 22:19-да оқшауланып, 22:26-да толығымен сөндірілді. Барлығы 16 метр кабельді жалын шарпыған. Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 19 қызметкері мен 6 арнайы техникасы жұмылдырылды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.