{metadescription}
Жас қыз тастап кеткен жігітінің тілін тістеп жұлып алған

Жас қыз тастап кеткен жігітінің тілін тістеп жұлып алған

Барселонада 24 жастағы қыз бұрынғы жігітімен қоштасып, сүйісіп тұрған кезінде тілін тістеп жұлып алған. 

24 жастағы Адайя Лопес Эстеве 2016 жылдың желтоқсан айында 42 жастағы ер адаммен танысқан. Арада 2 ай өткеннен кейін ғашықтар қош айтысуды ұйғарыпты. Артынша олар қайта татуласып, 4 ай көлемінде кездесіп жүрген. Алайда каталониялық азамат «Эстевенің мінезінен шаршағанын» айтып, оған айырылысуды ұсынады. 

Ер адамның сөзінше, Эстеве қатты ашуланып, пәтерден жүгіріп шығып, артынша қайтып келіп, кешірім сұраған. Ол жігітін құшақтап, соңғы рет сүйісуін сұрапты. Осы кезде қыз ер адамның тілін тістеп жұлып алып, оны еденге түкіріп тастайды. Көршілері ер адамның айқайын естіп, жедел жәрдем шақырған. 

Арада бірнеше күн өткеннен кейін Эстеве тұтқындалды. Оған қатысты іс қозғалып, сотқа шақырылған. Қорғаушылар оны 8 жылға қамауды талап етіп отыр. Ал қыз өз кінәсін мойындайтын емес. 

Дереккөз: Stan.kz 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.