{metadescription}
Әкім туыстарын жұмысқа алады дегендерге жауап берді

Әкім туыстарын жұмысқа алады дегендерге жауап берді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің құрылуына бір жыл толуына орай өткізілген брифинг барысында ыңғайсыз сұрақтарға жауап берді.

Жекелей алғанда, өңір басшысы туыстарын қызметке орналастырғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

«Біреулер мені жұмысқа туыстары немесе таныстарын қабылдағысы келеді деп ойлайды. Шындығында, олай емес. Оның оңай тексеруге болады. Менің әдетте кімдерді жұмысқа қабылдайтыныма талдау жүргізіп көріңіздер. Қай жерде жұмыс істемесем де, талапты адамдарды таңдаймын. Әкімдердің өз командасы болуы тиіс. Алайда түрлі қызмет саласынан», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімінің сөзінше, ол өз командасынан талапты әрі алғыр жастарды көргісі келеді. Мұндай адамдарды іссапарлар кезінде табамын, дейді. 

Дереккөз: Elitar.kz

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.