{metadescription}
Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Анар Жайылғанованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Еске сала кетейік, жақында ғана Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалған еді.

«Сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттардың атынан алғысымызды білдіреміз. Барша әріптестеріңіз сізді білікті заңгер, тәжірибесі жоғары маман ретінде жақсы біледі. Мәжілісте осы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдыңыз. Енді жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалдыңыз. Өте лауазымды қызмет. Сондықтан барша депутаттардың атынан осы жаңа жұмыста үлкен табыс тілейміз», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жалпы отырыс барысында Анар Нұралықызына арнайы «Алғыс хат» тапсырылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде