{metadescription}
Дәрігерлер кофенің күтпеген пайдасын анықтады

Дәрігерлер кофенің күтпеген пайдасын анықтады

Француздық дәрігерлер сирек кездесетін генетикалық сырқат белгілері кофеиннің көмегімен біршама азаятынын анықтады.

11 жасар бала бұлшықет жұмысын бұзатын дертке шалдыққан. ADCY5 геніндегі ауытқулармен байланысты дискинезия кезінде оның қол-аяғы мен бет бұлшықеттері еріксіз қимылдай бастайды екен. Мұндай сырқат миллион адамның біреуінде болады. Өкінішке қарай, толықтай жазылу мүмкін емес. Алайда оның ата-анасы балада жиі болатын талманың алдын алуға кофе көмектеседі деп сенген.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл болжам расталыпты. Бір күні әдеттегі кофенің орнына баланың ата-анасы қателесіп, кофеинсіз эспрессо капсулаларын алып қойған. Оның құрамында кофеин болмағандықтан, бірден баланың талмасы ұстады. Төрт күн қатарынан бұлшықеті құрысып, мазасын алған. Тек осыдан кейін ғана дәрігерлер қателіктерін түсініп, бұл сырқат кезінде кофе көмектесетінін анықтаған. 

Бұған дейін де бұлшықет құрысуы кезінде кофе септігін тигізетіні айтылған болатын. Алайда бұл сырқаттың сирек кездесетіні соншалық, мұндай болжамды тәжірибе жүзінде дәлелдеу мүмкін болмаған. Өйткені науқас адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізу керек болатын. Зерттеу кезінде науқастардың бірінші тобы дәрі-дәрмек қабылдауы тиіс. Ал келесі топ дәмі дәл сол дәрінікіндей, бірақ бос препарат ішеді. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде