{metadescription}
Перзентханада бір тәулікте бес нәресте шетінеген

Перзентханада бір тәулікте бес нәресте шетінеген

Өзбекстан бас прокуратурасы бұл ақпаратты растап, "өте күрделі оқиға" деп атады. 

Самарқанд облысының перинаталдық орталығында биыл 28 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы бір тәулік ішінде бес нәресте шетінеген. Орталықта 28 ақпанда шетінеген нәрестелердің бірінің денесі 21 жастағы Гүлжахон Каримоваға берілген. Әйелдің туыстарының айтуынша, ДНҚ сараптамасы ол нәрестенің бөтен екендігін анықтаған. Өзбекстан бас прокуратурасы бұл ақпаратты растап, "өте күрделі оқиға" деп атады. Тергеушілердің арнайы комиссиясы құрылған, іс бақылауға алынған. Гүлжахон Каримова 28 ақпанда таңертең босанған, акушерлер оның қыз туғанын хабарлаған, деп жазады centralasian.org.

Дегенмен жас ананың қуанышы көпке созылмады - сол күні кешке дәрігерлер оған нәресте шетінеп кетті деп айтып, өлі баланың денесін әйелге көрсеткен. Гулжахон мен оның туыстары бұдан бір шикілік байқаған. Олар Самарқанд қаласы ішкі істер бөліміне шағымданған. Республикалық сот-медициналық орталығы әйелге бөтен бала көрсеткенін сараптама арқылы растады.

Перзентхана дәрігерлері сол күні орталықта бес нәресте шетінегенін, оларды ауыстырып алуы мүмкін екенін айтқан. Олардың неден өлгені белгісіз. Өзбекстан бас прокуратурасы Каримова берген ақпаратты растады. Қылмыстық іс қозғалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.