{metadescription}
«Зейнет жасын төмендету керек»: депутаттар тың ұсыныс жасады

«Зейнет жасын төмендету керек»: депутаттар тың ұсыныс жасады

Депутаттар мүгедек бала асырап отырған ата-ананың біреуін жұмыстан ерте босату керек деп санайды.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Осыған орай, олар үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға депутаттық сауал жолдады.

Ата-анаға қажетті жеңілдіктер

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, осы санаттағы отбасыларға арнайы мәртебе беру керек. Сөйтіп, зейнет жасын төмендетіп, жұмыс істейтін ата-аналарға тағы бірқатар жеңілдік берген дұрыс.

«Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ, ата-ананың біреуін жұмыстан ерте жіберу мәселесін қарастырған жөн. Себебі мүгедек балаға тәулік бойы қарау қажет. Оған біраз күш-жігер кетеді. Психологиялық жүктеме де аз емес», - деді Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында.

Мүгедек балаларға қандай көмек керек?

Фракция депутаттары қамқоршылықты рәсімдеу тәртібін де жеңілдету керек деп санайды. Өйткені қазіргі кезде бұл процедураларға 9 айға дейін кетеді. Осы уақыттың ішінде ешқандай қаржылай көмек берілмейді. Ондайда толық емес отбасылар қатты қиналады.

Бұдан бөлек, депутат Магеррамов арнайы ортопедиялық аяқ киімді тарату тәртібін қайта қарап, балабақшаларда мүгедек балалар үшін арнайы топтарды ашуды ұсынды.

«Сосын мүгедек балаларды стоматологиялық емдеу жағынан бірқатар қиындық бар. Мемлекеттік емханалардың барлығында толыққанды ем-дом жасамайды. Осы медициналық қызметтің сапасы да төмен. Ал жекеменшік стоматологияларда қызмет ақысы қымбат», - деп атап көрсетті Магеррамов.

Қазақстанда кімнің зейнет жасы ұлғаяды?

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған. Дегенмен, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

Мәселен, бес және одан көп баласы бар әйелдер 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде