{metadescription}
Алматы облысында жігіт әйелді зорлап, жайлауға қашып кеткен

Алматы облысында жігіт әйелді зорлап, жайлауға қашып кеткен

Алматы облысында әйелді зорлады деген күдікке ілінген 31 жастағы жігіт шалғайдағы жайлаудан табылды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сарқан ауданының тәртіп сақшылары ешқайда кетпей туралы қолхат жазып беріп, ізін жасырған күдіктіні 2018 жылдың желтоқсанынан бері іздеген. Ер адамға Сарқан қаласында 35 жастағы келіншекті зорлады деген айып тағылыпты. Жәбірленуші әйел полицияға арыз берсе керек.

"Сотқа дейінгі тергеулер кезінде қолхат жазып берген күдікті қашып кетті. Жақында оның шалғайдағы жайлауда жасырынып жүргені анықталды. Кеше ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген", - деп Алматы облысының полиция департаменті мәлімет берді.

Ведомство атап өткендей, тергеу материалы сотқа жіберіліпті, үкім шыққанша күдікті уақытша ұстау абақтысында отырады.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде