{metadescription}
Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, түлектерге сәттілік тіледі. 

"Бүгін еліміз бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл - алғашқы лек. Жалпы, ҰБТ қатарынан 9 күн өтеді. Осы уақыт аралығында 117 242 түлек тапсыратын болады. Көріп отырғандарыңыздай, бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Меніңше, мұның себебі - олар биыл осы орындарда осындай жағдайда ҰБТ-ны екі рет тапсырғанына байланысты. Ол кезде де бәрі тексеріліп, ұялы байланыс өшірілген болатын. Сондықтан олар үшін бұл әдеттегі процесс. Мен 10 жыл бойы ҰБТ-ны өткізу рәсіміне қатысып келемін. Соңғы жылдары балалар сабырлы, алаңсыз. Оқушылар мен түлектерге сәттілік тілегім келеді. Бәрі қолдарынан келеді деп ойлаймын", - деді Асхат Аймағамбетов. 

ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.
 

Кеше

21 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.