{metadescription}
Петропавлда өрттен ерлі-зайыпты ажал құшты

Петропавлда өрттен ерлі-зайыпты ажал құшты

"Ракета" бау-бақша қауымдастығындағы саяжайлардың бірінен өрт шыққан. 

Петропавлда саяжайдағы өрт салдарынан ерлі-зайыпты қаза болды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Игорь Балеев брифингте. Осы аптада сәрсенбіге қараған түні Петропавл шетіндегі "Ракета" бау-бақша қауымдастығында орналасқан саяжай үйлерінің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнында екі адамның денесі табылыпты.

"Ерлі-зайыпты – 1978 жылы туған ер мен әйел тұрмыстық газ құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан көз жұмды", - дейді Балеев.

Оның айтуынша, саяжай учаскелерінде өрт жиілеп кетті. Жыл басынан бері сегіз үй-жай өртеніп, үш адам қаза болған. Айта кетсек, 2019 жылдың басынан бері өңірде 369 өрт болды. Құрбандар саны – 24 адам.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде