{metadescription}
ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады?

ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады?

Бүгін 20 маусымда Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Осыған орай білім және ғылым министрлігі ҰБТ нәтижелерін қайдан көруге болатынын мәлімдеді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380 құрады. Өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ-2019 нәтижелерін @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайтынан, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.

Сонымен қатар, биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде