{metadescription}
Балабақшадағы 23 бала ішуге жарамсыз судан уланды

Балабақшадағы 23 бала ішуге жарамсыз судан уланды

Өзбекстанда Сырдария облысы Баяут ауданындағы №21 балабақшаның балалары мен қызметкерлері 18-19 маусымда уланып, ауруханаға түсті.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 23 бала, бір тәрбиеші және бір медбике ішуге жарамсыз судан уланған.

Дәрігерлер бұны растады. 17 маусымда мекемеге таза су жеткізілмеген, балалар қайнатылмаған су ішіп, бақша ауласындағы өрікті жумай жеген. Қазір балабақшада тексеру жүріп жатыр.

Науқастардың жағдайы бірқалыпты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдайды республиканың денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алғаны хабарланды.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде