{metadescription}
Елімізде есепке алынбаған 50 ана өлімі анықталды

Елімізде есепке алынбаған 50 ана өлімі анықталды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2015-2017 жылдары Қазақстанда ана өлімінің есепке алынбаған 50 фактісі анықталғанын айтты. 

«2015, 2016 және 2017 жылдары есепке алынбаған 50 ана өлімі фактісі анықталды. Ақпараттық жүйелер арқылы қазір әйелдің туған уақыты мен көз жұмған сәті анық көрінеді. Осы жағдайларға байланысты отандық және шетелдік сарапшылармен бірлесіп зерттеу жүргіздік. Аталған жағдайлар расталып, кейін тіркелді. Сәйкесінше, барлық индикаторды құжаттарымызға қостық», - деді Елжан Біртанов. 

Министр ана мен бала өлімінің нақты статистикасын алу үшін бұл салада толық цифрландыруды енгізу қажет екенін айтты. Айтуынша, осы кезде ғана дәл бұлай фактілерді жасыра алмайтын болады. 

«Осыған қол жеткізілсе іс жүзінде жасыру қиын болады. Себебі өлім мен босану күндері сәйкес келгенде, біз автоматты түрде тергеу жүргіземіз. Бұрын жасырып, басқа диагноз жазуға болатын», - деді ведомство басшысы.

Біртанов ана мен бала өліміне себеп болып отырған басты мәселені атады. Ол – өңірлердегі ауруханалар мен емханаларда медициналық жабдықтар мен кадрлардың жетіспеушілігі. Оның сөзінше, анестезиологтар мен реаниматологтардың тапшылығы – 50%, гинекологтардың тапшылығы – 30% құрап отыр. Осы мәселені шешу үшін биылдан бастап мемлекеттік грант бойынша оқыған ЖОО түлектеріне аймақтарға міндетті бөлу және еңбекпен өтеу енгізілді. Қазірдің өзінде түлектердің 72% ауылдық жерлердегі ауруханалар мен емханаларға бөлінген.

Кеше

21 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.