{metadescription}
Алдағы күндері елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

Алдағы күндері елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

2019 жылғы 22-24 маусымға арналған болжамы.

Синоптиктер еліміздің кей жерлерінде 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжады. Синоптиктер 22-24 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың болжауынша, 21 маусымда астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше сай болады. Еліміздің батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды және ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.

Күндіз 32-39°С, кей жерлерде 40-43°С дейін ыстық болады. Ал республиканың өзге аймақтарында атмосфералық фронттар еліміздің шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, әсері әлсірей бастайды. Сондықтан кей жерлерде ғана өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады деп болжанғанымен, 24 маусымда күндіз 23-28°С, кей жерлерде 30-35°С күн ысиды.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде