{metadescription}
Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек үшін зәулім үйін сатпақ

Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек үшін зәулім үйін сатпақ

Мексика билігі түскен қаржыны әлеуметтік көмекке жұмсау үшін қымбат жылжымайтын мүлікті сатқалы отыр. 

Мексиканың мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор қайырымдылық мақсатында курорттардың бірінде орналасқан президент резиденциясын сатпақ. Президенттің Кинтана-Роо штаты Косумель аралындағы демалыс үйінде мемлекет басшылары ғана тұрады.

"Косумельдегі Casa Maya президент үйінің жай-жапсарын мұқият зерттеймін, себебі оны сатып, түскен қаржыны Кинтана-Роода тұратын мұқтаж жандарға береміз", - деп мәлімдеді Мексиканың мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бұдан бұрын мексикалық есірткі сатушылардың иелігінде болған үйлер аукционға шығарылыпты. Барлығы 27 зәулім үй сатуға қойылып, бір күн ішінде олардың тоғызы 56,6 миллион песоға (3 миллион доллардай) сатылып кеткен. Осы қаражаттың да басым бөлігі тұрмысы нашар отбасыларға көмекке жұмсалады.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде