{metadescription}
Қорғаныс министрі жарылыс болған Арыс қаласына аттанды

Қорғаныс министрі жарылыс болған Арыс қаласына аттанды

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасы жарылған Арыс қаласына ұшып кетті.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылыс салдарын өзі анықтап, сәйкесінше тиісті шараларды қабылдау үшін оқиға орнына аттанды. 

«24 маусым күні Арыс қаласында орналасқан ҚР Қарулы күштер арсеналында жарылыс болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады бұған дейін Қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа қатысты министрлер мен облыс әкіміне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырғанын жазған болатынбыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде