{metadescription}
Сапарбаев оралмандарға баспана беру мәселесін қозғады

Сапарбаев оралмандарға баспана беру мәселесін қозғады

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде тарихи отанына оралғысы келетін этникалық қазақтарды қолдау туралы айтты. 

Кездесу барысында министрден шетелдерде жүрген 3 миллионнан аса қандастарымыздың тарихи отанына оралуы үшін қандай ынталандыру және қолдау шаралары қарастырылғанын сұрады. 

«Ең алдымен отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Екіншіден, қоныс аудару барысында қала не болмаса ауылға яғни, жергілікті жерлерге байланысты отбасының әрбір мүшесіне шамамен 8 мың теңге төленеді. Егер пәтер не болмаса тұрғын үй бірден берілмесе, онда 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді. Естеріңізде болса, 10 жыл бұрын, бізде оралмандарға арналған бейімдеу орталықтары, жатақханалар болды. Өкінішке орай, олардың қайда кеткенін білмеймін. Алайда мұнымен айналысу керек. Қазір осыған қатысты жұмыстар жүргізілуде», - дейді министр.

Сонымен қатар, Еңбек министрі бұл мәселеге қатысты тиісті комитетке тапсырма берілгенін атап өтті.

«Бастапқы кезде қандай да бір баспана берілуі тиіс. Олар өзге елден келді, бұл жерде таныстары да, туған-туыстары да жоқ», - деді Б.Сапарбаев.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде