{metadescription}
Арыстағы жарылыс кезінде 6 жасар қыз жоғалып кетті

Арыстағы жарылыс кезінде 6 жасар қыз жоғалып кетті

Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыс кезінде 6 жасар қыз жоғалып кетті. 

«Бүгін таңертең Арыста әскери бөлім аумағында жарылыс болды. Жарылыстың қатты дыбысынан шошыған Жақсылық Ясмина Еркінқызы жоғалып кетті. 2013 жылы ақпан айының 26-сында дүниеге келген. Әкесі – Еркін. Байланыс нөмірі: +7 7017701788», - деп жазды қыздың ағасы Ерқанат Байқожаев Facebook желісінде. 

Деректер бойынша, Ясминаның әкесі қазіргі уақытта Алматы әуежайында екенін және Шымкентке қарай бағыт алғанын айтыпты. Оның жұбайы мен балалары Шымкентте екен. Ал Ясмина әлі табылмаған. Оның есімі эвакуацияланған балалардың тізімінде жоқ. Ясминаны көрген-білгендерден туыстарына немесе полицияға хабарласуы сұралады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.