{metadescription}
Шымкент әкімі Арыстағы жарылыс тоқтау үшін сыйынуға шақырды

Шымкент әкімі Арыстағы жарылыс тоқтау үшін сыйынуға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыс қаласының тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды.

Сондай-ақ, қала басшысы Шымкент қаласы үшін ешқандай қауіптің жоқтығын мәлім етті.

«Арыстағы қайғылы жағдай. Қару-жарақ қоймасындағы өрт. Біз тұрғындарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем көліктері мен автобустарды жібердік. Қажет болған жағдайда көмек үшін волонтерларды тарта аламыз. Әзірге оның керегі жоқ. Бәрін сабырға шақыра отырып, жарылыстың тоқтауы үшін сыйынуға шақырамын», - деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа қатысты министрлер мен облыс әкіміне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.