{metadescription}
Тоқаев Арыстағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына аттанбақ

Тоқаев Арыстағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына аттанбақ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады.

Бұл туралы мемлекет басшының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады. Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын", - деді ол.

Кеше

21 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.