{metadescription}
Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі 

Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі 

Ділманов қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері неліктен ұзақ тексерілетінін түсіндірді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов шекарадағы заң бұзушылықтармен қалай күресіп жатқандарын әңгімеледі. Оның айтуынша, қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерін ұзақ тексерудің өзіндік себептері бар. Атап айтқанда, құжатқа қатысты мәселе жиі туындайды.

"Қырғызстаннан келетін автокөліктердің дені – жүк көліктері. Сонда тауар құжаттарына қатысты мәселе жиі туындап тұрады. Олар "транзит" деп жазады. Бірақ біз сол тауардың Қазақстанда қалатынын білеміз. Ал ондайда салық төленбей қалады. Сол себепті біз кеден қызметімен тисті жұмыстар жүргізіп отырамыз", - деді Ділманов мәжілісте өткен жиында.

Шекара қызметінің бастығы мал ұрлығына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, қалың тоғайдың арасымен өтетін шекараны жауып тастағаннан кейін пысықай кәсіпкерлер малды шекара бекеттері арқылы тасымалдауға көшті. Бірақ оны да "транзит" деп көрсетіп отырады.

"Біз "зеленкамен" (әскери жаргон: қалың орман мен тоғай) мемлекеттік шекараны жаптық. Мәселен, биылдың өзінде 300 бас жылқыны ұстадық. Енді "зеленканы" жауып тастағаннан кейін ол малды шекара бекеттері арқылы тасып жүр. Бірақ малды Ресейге апара жатырмыз деп жазады. Ол мүмкін емес қой. Біз олардың қайда баратынын да тексердік. Сонда Қазақстаннан шықпайды ғой. Осындай қулыққа барады. Сол себепті біз қатаң  тексеріс жүргіземіз", - деп атап көрсетті Ділманов.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.