{metadescription}
Тоқаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрап, ауруханаға барды

Тоқаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрап, ауруханаға барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады.

Аурухана дәрігерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады. Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.

Арыс қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралады. Президент эвакуация жұмыстарының барысы мен жарылыс ошақтарын тоқтату, өрт сөндіру туралы мәлімет алды. Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын көрді.

Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының, қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтып, осы қарқынды бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.

Еске сала кетейік, Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде