{metadescription}
Арыстағы жарылыс: 2 адам қаза тапты

Арыстағы жарылыс: 2 адам қаза тапты

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыста қаза тапқан екі адамның туған-туыстарына көңіл айтты.

Премьер-министр Асқар Мамин Арыстағы жарылыстан 2 адам қаза тапқанын айтты. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кеше оқиға орнында болды. Осы төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шара ұйымдастырылды. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге түгел көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам – азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде