{metadescription}
Нұр-Сұлтанда бесінші қабаттан бала құлап кетті

Нұр-Сұлтанда бесінші қабаттан бала құлап кетті

Нұр-Сұлтан қаласында 10 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті.

«Қалалық ауруханаға көптеген жарақатпен 10 жастағы бала түсті. Ол бесінші қабаттан құлап кеткен», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, мұндай оқиғалар көбіне балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуынан болады.

«Бала үйде болған кезде терезені ашық қалдырмаңыздар. Сіз бәрін бақылап отырмын дегеніңізбен, баланы бір сәт көзден таса қылу - қауіпке алып келуі мүмкін. Терезеге қарапайым тор орнатқаннан гөрі бала өздігінен терезені аша алмайтындай арнайы қорғаныс жүйесін қарастырған абзал. Жиһазды терезеден алыс орнату керек. Осынау қарапайым кеңестер қауіптің алдын алуға көмектесер деген сенімдеміз», - делінген полицияның хабарламасында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде