{metadescription}
Қызылорда тұрғыны қырым қанды безгегінен көз жұмды

Қызылорда тұрғыны қырым қанды безгегінен көз жұмды

Қызылордада кенеден қырым қанды безгегі жұққан адам қайтыс болды.

Шиелі ауданы Досбол би ауылының 29 жастағы тұрғынын егістікте кене шаққаннан кейін өзін жайсыз сезінген. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жақсылық Абдусаметовтың сөзінше, науқас жұқпалы аурулар ауруханасында тоғыз күн жатып, 24 маусымда қайтыс болған.

«Науқасқа тиісті емнің барлығы жасалды. Конго-қырым қанды безгегі диагнозы нақтыланды. Сондай-ақ Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіне қарайтын Сабалақ елді мекенінде тұратын 1985 жылы дүниеге келген азамат 22 маусымда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған еді. Науқасқа Конго-қырым қанды безгегі  болжамды диагнозы қойылған. Бұл бойынша зертханалық тексерулер жүргізілуде, диагнозы әзірге нақтыланған жоқ», - деді Қызылорда облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде