{metadescription}
Зейнеткердің 2 млн теңгесін алып қашқан өскемендік ұсталды

Зейнеткердің 2 млн теңгесін алып қашқан өскемендік ұсталды

Өзін «Өскемен су арнасы» мекемесінің қызметкері ретінде таныстырған тонаушы 79 жастағы зейнеткердің 2,3 млн теңгесін алып қашқан.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зейнеткер күдіктіге  2,3 млн теңгені тартып алды деп кінә тағып отыр.  Коммуналдық мекеме маманы ретінде ішке енген  күдікті  әуелі зейнеткерден төлем туралы түбіртектерді талап етеді, деп жазады ҚазАқпарат. Құжаттарды  тексеру кезінде ақша салынған буманы байқаған ол зейнеткердің бейқамдығын пайдаланып, буманы жұла қашқан.

«Зейнеткерге 2,3 млн теңге материалдық шығын келген. Іздестіру кезінде 29 жастағы жұмыссыз, бұрын сотталған азамат ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында», - дейді департаменттің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов.  

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде