{metadescription}
Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына өзінің бір күндік еңбек ақысын аударды

Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына өзінің бір күндік еңбек ақысын аударды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды», - деп жазады Берік Уәли.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа қатысты министрлер мен облыс әкіміне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде