{metadescription}
Владимир Кличконы Жерорта теңізінде отқа оранған қайықтан құтқарып қалды

Владимир Кличконы Жерорта теңізінде отқа оранған қайықтан құтқарып қалды

Украиндық боксшы Владимир Кличко мен оның отбасы Жерорта теңізінде өртке оранған қайықтан құтқарылды.

Испания жағалау күзеті украиндық боксшы Владимир Кличко мен оның отбасын Жерорта теңізінде өртке оранған қайықтан құтқарып алды. Бұл туралы сейсенбі күні Германияның DPA агенттігі xабарлады. Шағын кемедегі өрт Ибица аралынан Мальоркаға қарай жүзіп бара жатқан кезде, жағалаудан 11 шақырым жерде шыққан.

Мальорка өрт сөндіру қызметі жағдайды өз бақылауына алды. Агенттік атап өткендей, өрт яхтаның машиналық бөлігінен шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде