{metadescription}
Желіде жарылыстан кейінгі Арыстың видеосы жарияланды

Желіде жарылыстан кейінгі Арыстың видеосы жарияланды

Әлеуметтік желілерде жарылыстан кейінгі Арыс қаласының видеосы тарады.

Желіде тараған видеоны Арыс қаласының тұрғындарының бірі көлікпен келе жатып түсірген болуы керек. Видеоны түсіріп келе жатқан жігіт үйлер мен ғимараттардың терезелерінің бәрі сынып кеткенін айтады. Халық үдере көшкен соң, қаңырап бос қалған қаланы көруге болады. Арыстың кейбір тұрғындарының жарылыс кезінде сапырылыста тіпті көшеге көліктерін, велосипедтерін тастап кеткенін көруге болады.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңертең Арыс қаласындағы әскери бөлімнен өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастады. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланып, қала халқы қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде