{metadescription}
Арыстағы жарылыс: Тұрғын үйлерден жарылмаған снарядтар табылуда

Арыстағы жарылыс: Тұрғын үйлерден жарылмаған снарядтар табылуда

Арыс қаласындағы тұрғын үйлерден бірнеше жарылмаған снаряд табылды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

«Әскери қызметкерлер Арыстың 16 көшесінен 70 жарылмаған снаряд тапты. Көбі үйлерден табылды. Қазір, тіпті, құжаттарды алу үшін де қалаға келудің қажеті жоқ», - деп жазды Қалқаманов Facebookжелісінде. 

ТЖК мәліметінше, Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарынан ғимараттардың шамамен 80-90 пайызына зақым келген. Әзірге қала тұрғындарын Арысқа жібермей отыр. 

Еске салсақ, Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.