{metadescription}
Жамбыл облысында Балқаш көліне 35 жастағы азамат батып кетті

Жамбыл облысында Балқаш көліне 35 жастағы азамат батып кетті

Жамбыл облысы  Мойынқұм ауданында  Балхаш көліне шомылған 35 жастағы тұрғын суға батып кетті.

Қайғылы жағдай 23-ші маусым күні кешкісін болды. Оқиға орнында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген облыстық төтенша жағдайлар департаментінің мамандары 24-маусым күні түс ауа тұрғынның мәйітін судан шығарған. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 23-маусымында сағат 18:30-да Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылынан  2 шақырым қашықтық аумақта Балқаш көлінің шомылуға арналмаған бөлігінде 1984 жылы туған азамат шомылу барысында суға батып кеткен. Азамат жеке құтқару құралдарынсыз болған. Мәйіт ТЖД-нің жедел құтқару жасағының 5 қызметкер және 1 жүзу құралының көмегімен табылып, судан шығарылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Мамандар суға шолмылғанда арнайы ережені сақтауды және барынша сақ болуға шақыруда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде