{metadescription}
Ақтөбеде автобус пен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде автобус пен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты

25 маусымда Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен КамАЗ көлігі соқтығысып,13 адам зардап шекті.

Автобуста болған жолаушылардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлайды. Полицияның мәліметінше, Ақтөбе – Пригородный бағытында жолаушы таситын №29 автобус қаладан шығып, Қызылжар елдімекені тұсынан өте берген кезде КамАЗ көлігімен соқтығысып қалған.

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Азамат Тұрышевтың сөзінше, жол апатынан зардап шеккен 12 адам ауруханаға түскен. Оның үшеуі - бала. Ми жарақатын алып, қабырғалары сынған жолаушы мен кеудесі қысылып, өті жарақаттанған адам қазір жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Өзге жолаушылар алғашқы медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілген.

Ақтөбе – Пригородный бағытында жолаушы таситын №29 автобус "Автопарк" компаниясына тиесілі. Серіктестің ресми өкілі Руслан Жылқамановтың айтуынша, 10 жылдық еңбек өтілі бар жүргізуші рөлде отырғанда сау болған. Полиция оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғап, жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Азаттық

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.