{metadescription}
Жол-көлік апатынан қалыңдық көз жұмды

Жол-көлік апатынан қалыңдық көз жұмды

27 маусым күні кешкі уақытта Тәжікстанның Нүрек қаласында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан қалыңдық көз жұмды.

Ол ертесі күні тұрмысқа шығуы керек болатын. Аталған қала Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан. Жол апатынан сондай-ақ жеңіл көліктің жүргізуші көз жұмды, ал қалыңдықтың анасы ауыр жарақат алған.

Гулрухсор Назарзода сол кезде өзі көптен күткен тойға дайындалып жүріп базарға барған. Ажал құшқан күні қолында ақ көйлегі болған. Оның тойы 28 маусымға жоспарланған еді. Ал мұның алдында күйеу жігіт екеуі никах рәсімін жасауды жоспарлаған. Жол-көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Сондай-ақ, қалыңдықтың анасы комада жатыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.