{metadescription}
Ақтөбеде сақалдылар кішкентай балалардың көзінше жас жігітті сабап кетті

Ақтөбеде сақалдылар кішкентай балалардың көзінше жас жігітті сабап кетті

Видеоға түсіріп тұрған әйел балалардың көзінше төбелеспеуін сұрайды.

Ақтөбеде сақалды 2 адам көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жас жігітті сабап кетті. Видео İnstagram әлеуметтік желісіндегі  парақшада жарияланды. Кадрда жігіт қолына телефон алып, полицияға xабарласатынын айтып жатады.

Дәл осы сәтте сақалды адам кеп оны соққыға жыға бастайды. Оған екіншісі қосылып, қуып жүріп тепкілейді. Видеоға түсіріп тұрған әйел балалардың көзінше төбелеспеуін сұрайды. Сондай-ақ екі қарт кісі оларды ажыратуға тырысады. Бірақ екеуі екі жақтан теуіп, әлгі ер адамды өлімші етіп сабайды.

Дереккөз: sn.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде