{metadescription}
Алматылық оқушы Грузиядағы халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды

Алматылық оқушы Грузиядағы халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды

«Golden Argo» халықаралық байқауында қазақстандық жас әнші Димаш Батталов жеңімпаз болды.

Байқауға Украина, Литва, Болгария, Грузия, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық бала қатысқан. Жеңімпаз Димаш байқауда италиялық «O sole mio» әнін орындап, оған қазылар алқасының төрт мүшесі де бірауыздан дауыс берген.

15 жасар әншіміз Дінмұхамед алты жасынан музыкалық мектепте оқып, флейта, фортепиано, гитара сынды аспаптарды меңгерген.  

Айта кету керек, ол былтыр да "Мен де жұлдыз боламын" жобасына қатысып, Түркия елінің байқауына жолдама ұтып алып бас жүлдеге ие болған.  

Алматының SMart өнер мектебі және М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясын бітірген Дінмұхамед Батталов П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне түсуге дайындалып жүр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде