{metadescription}
Әйелінің хатын оқып қойған ер адам көңілдесін пышақтап өлтірген

Әйелінің хатын оқып қойған ер адам көңілдесін пышақтап өлтірген

Ер адам әйелінің шіркеу қызметкеріне жазған хатын оқып қойған. 

Жаңа Зеландияның Окленд қаласы тұрғыны әйелін шіркеу қызметкерімен көңіл қосты деп күдіктеніп, ер адамды пышақтап өлтірген. Қазір ол түрмеде отыр. 2018 жылдың қарашасында 45 жастағы Уэта Вэ әйелінің шіркеу қызметкері Лаулимум Люасимен хат алмасқанын оқып қояды, олар бір-біріне жазған хатында жыныстық қатынасты меңзегендей көрінеді. Бұл жайттан кейін де 62 жастағы діни қызметші әйелмен ара қатынасын үзбей, тіпті екі отбасының кездесуін ұйымдастырып, күмәнді сейілтпек болады. Вэнің әйелі де, шіркеу қызметкері де жұбайларының көзіне шөп салмағанын түсіндіруге тырысқан.

2019 жылдың қаңтарында ішімдік ішіп алған Вэ көңіліндегі күдігін әйеліне тағы айтады. Келесі күні әйел күйеуімен айырылысуға шешім қабылдап, үйден кетуін сұрайды. Содан соң ерлі-зайыпты бір мерекелік жиынға барып, куәгерлердің айтуынша, Вэ "біртүрлі тұйық" болып көрінеді. Кейін ол үйіне қайтады да,  қолына пышақ алып, шіркеуге басып кіреді. Ер адам шіркеу қызметкерін пышақтап, өлгеніне көз жеткізу үшін бірнеше минут күтіп тұрыпты.

Содан кейін үйіне оралып, әйеліне ауыр қылмыс жасағанын айтады. Әйел Люасиге жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, алайда шіркеу қызметкерін аман алып қалу мүмкін емес еді. 9 шілдеде сот Уэта Вэні өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының 17 жылдан соң шарты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы бар.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.