{metadescription}
Оралда мұғалім туберкулездің ашық түрімен ауырған

Оралда мұғалім туберкулездің ашық түрімен ауырған

Оралда мектеп мұғалімінің туберкулездің ашық түрімен ауырғаны белгілі болды.

Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға №47 орта мектепте тіркелді. 26 маусым күні аталған мектептің математика пәні мұғалімінің қос өкпесінен бірдей инфильтративті туберкулез БК+ ауруына (ашық түрімен) шалдыққаны жөнінде басқармаға жедел хабарлама түскен. Осыған орай санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-алдын алу шаралары қолға алынды. Мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

А. есімді мұғаліммен 16 қызметкер және 74 оқушы, ал отбасынан 3 адамның қарым-қатынас жасағаны анықталды. Қазіргі кезде барлық мұғалім мен отбасы мүшелері, оқушылар тексеруден өтуде.

«Ауырған мұғалімнің өзі емделуде», - аталған басқармадан. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.