{metadescription}
Алматы тауларында қыздарға тиісетін маньяк пайда болды

Алматы тауларында қыздарға тиісетін маньяк пайда болды

Алматы тауларында қыздарға қырғидай тиісіп жүр делінген азғын әлі табылмай жатыр.

КТК тілшілері жағдайды біліп қайтты. Ер адам Ресейлік екі туристтің соңынан қуалаған көрінеді. Одан қалды, әйелдерді пышақпен қорқытып, қоқан-лоққы көрсеткен. Қонақтардың зәресін алған бейтаныс еркекті қорықшылар тікесінен тік тұрып іздеп жатыр.

Қыздарға қырғидай тиіскен бұзақыны қорықшылар күні-түні аяқтан тік тұрып іздеген. Бірақ, әзірге нәтиже болмай тұр. Ал азғыннан жәбір көре жаздаған қыздар Мария Седова мен Марина Нахимова Ресейден Фурманов шыңын бағындыруға арнайы келген. Бірақ, Кім асар шатқалында жеткен бойда нағыз шытырман оқиғаға тап болған.

Марина Нахимова, Ресей азаматы:

- Марияға жүгіріп келіп «құйрығыңа пышақ тығып  аламын» деді. Тіпті атып тастаймын деп сес көрсетті.

Бейтаныс еркек бірінші қыздарды әңгімеге тартқан екен. Олардың жалғыз жүргеніне көз жеткізген соң оғаш қылық таныта бастаған. Атап айтқанда, іздерінен қалмай жүріп, ақыр соңында қуалап, пышақпен қорқытқанға ұқсайды. Абырой болғанда, орта жолда басқа туристер кезігіп, әлгі азғын орманға сүңгіп жоқ болыпты. Болған оқиғаны желіге жазған турист қыздар Қазақстанға енді аттап баспайтындарын да айтқан. Азғынның қолына түсе жаздаған жалғыз бұлар емес екен. Күдікті сол күні тауда серуендеп жүрген тағы екі әйелге тиісіп, анайы ұсыныс жасаған көрінеді. Тауда әйел аңдыған маньякты қорықшылар әзірге қолға түсіре алмай жүр.

Орманды қорықшылар торыса, ал тау етегін полиция жіті бақылауға алған. Ал Алатаудың атына кір келтірген азғынның қыздар түсіріп алған суреті барлық бөлімшелерге таратылған.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде