{metadescription}
Баянауылда таудан ресейлік турист құлап кетті

Баянауылда таудан ресейлік турист құлап кетті

Баянауыл ауданының Жасыбай демалыс аймағында Ресей Федерациясының азаматы абайсыздан биіктіктен құлаған.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 18.00-де «112» нөміріне хабарлама келіп түсті, - дейді департаментте.

Жедел құтқару жасағынан 1966 жылғы ер адамды құтқаруға бір адам мен бір техника, аудандық ТЖ бөлімінен бір адам жұмылдырылды. Оң жақ аяғы сынған азамат Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Баянауыл аудандық ТЖ бөлімі, азаматтық қорғаныс полковнигі Данияр Тоқатовтың айтуынша, Новосібірден келген турист тауда әйелімен серуендеп жүрген.

- Таудың биіктігі 130 метр. Суретке түсіріп жүрген кезде екі метрден құлап, аяғын сындырып алған. Әйелі туристік базаға жүгіріп, нұсқаушыға хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем мен құтқарушылар көмек көрсетті, - дейді Данияр Тоқатов.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.