{metadescription}
Полицейлер ұрыдан қалай қорғану керектігін айтты

Полицейлер ұрыдан қалай қорғану керектігін айтты

Алматылық полицейлер тұрғындарға мүліктерін ұрылардан қалай қорғауға болатынын айтты.

Алматыда жасалаған ұрлықтардың басым бөлігі пәтерлер мен үйлерге тиесілі.

«Тұрғындардың  арасында «біздің үйде  ұрлайтын ештеңе жоқ», деген ұрандары ұрыларды керісінше өздеріне тартады. Сондықтан сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде  шынайы бекініс болуы керек. Қарапайым ережелерді ескеріңіздер. Үйге кірер есік мықты болуы керек. Терезелерді құлыптап, темір торлармен жабдықтаңыз. Сондай-ақ, есіктің алды, подьездің ішінде үнемі жарық жанып тұрғаны абзал. Күзет мекемесімен күзетілетін үйлер мүліктің  қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді. Бүгінде аулалар мен кірме жолдарда дабыл жүйелерін және бейнебақылау камералары орнатылып жатыр. Бұл ұрлықтың алдын алуға көмектеседі», - дейді Алматы  ПД  қауіпсіздік мониторингі бөлімінің бастығы Нұрбол Қамаубаев.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.