{metadescription}
Жылу электр станциясы өртеніп жатыр, 8 адам жараланған

Жылу электр станциясы өртеніп жатыр, 8 адам жараланған

Мәскеу маңындағы Мытищах қалашығында "Северная" жылу электр станциясы өртеніп жатыр.

Ресей төтенше жағдай министрлігі кем дегенде 8 адамның жараланғанын айтты. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады. Желіде тараған видеолардан жалынның 50 метрге дейін көтерілгенін байқауға болады.

ТАСС ақпарат агенттігінің дереккөзінің сөзінше, жылу электр станциясының газ сақталатын бөлігінде шыққан. Өрт болып жатқан аймаққа ондаған өрт сөндіру көліктері мен бірнеше тікұшақ жетті. Жалынды сөндіруге жүзге жуық адам келген.

Өрт шыққан станция жанында ірі сауда орталығы мен құрылысы бітпеген жатақхана орналасқан. Мытищах қалашығындағы ЖЭС-27 1992 жылы пайдалануға берілген. Станцияда табиғи газ қолданылады. ЖЭС қуаты - 1060 МВт.

Дереккөз: azattyq.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде