{metadescription}
Арыста тағы өрт болды

Арыста тағы өрт болды

Арыс қаласында темір жол депосы қоймасынан өрт шықты.

«ТЧЭ 32 цехы отқа оранды. Барлық қызмет өртті сөндіруге жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратын дұрыс қолданбау себеп болған. Сабыр сақтаңыздар. Жағдай бақылауда», - деп жазды Қалқаманов. 

Қызыл жалын жалпы аумағы 2040 шаршы метрді қамтыған.

«Оны сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдай комитетінің жеке құрамынан 41 қызметкер мен 10 техника тартылды. Стансаның 8 қызметкері де жалынды ауыздықтауға атсалысты. Өрт сағат 16.45-те сөндірілді», - делінген баспасөз мәліметінде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде