{metadescription}
ҚР Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрі қоймаларын тексерді

ҚР Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрі қоймаларын тексерді

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Гвардия гарнизонына барған жұмыс сапарында оқ-дәрі қоймаларын тексерді.

Тексеріс кезінде Нұрлан Ермекбаев өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жіті мән берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Лауазымды тұлғалар қорғаныс министріне зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, қару-жарақтың, әскери және арнаулы техникалардың жай-күйі, сондай-ақ материалдық-техникалық құралдар туралы баяндады. 

Ведомство басшысы қойманы тексеру барысында оқ-дәрілер мен әскери техникаларды сақтау қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді әрі әскери қызметшілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаудың міндетті екенін ескертті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.