{metadescription}
Нұр-Сұлтанда пышақпен қаруланған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда пышақпен қаруланған ер адам ұсталды

Астаналық полицейлер көшеде пышағын жалаңдатып жұртқа сес көрсеткен жігітті қарусыздандырды.

Нұр-Сұлтан қаласының полициялары қолына пышақ алып, әрі-бері сілтеген ер адамды ұстады. Оқиға 11 шілдеде Қажымұқан көшесінің бойынша 19:00 шамасында болған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қалалық полиция полкінің қызметкерлері - полиция аға лейтенанты Абзал Жолмаханов пен полиция  лейтенанты Асан Команов патрульдеу кезінде адамдарға айқайлап, қолында пышаққа ұқсас нәрсені  әрі-бері жалаңдата сілтеп жүрген ер адамды байқап қалған. 

Полицейлер уақыт оздырмай оны ұстауға әрекеттенген. Олардың заңды талабына қарамастан әлгі жігіт қатты қарсылық көрсеткен. Полиция аға лейтенанты Абзал Жолмахов әбжіл қимылдап оның пышағын тартып алды. Ұсталған адам "Алматы" ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері оперативті-тінту шараларын жүргізді. 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.