{metadescription}
Алакөлге бара жатқан автобус өртенді

Алакөлге бара жатқан автобус өртенді

Семей-Алакөл бағытындағы жолаушылар микроавтобусы, жанып кетті.

Оқыс оқиға 12 шілде күні болған, деп хабарлайды Алтайньюс. Үржар ауданы ТЖ қызметінің «101» пульт нөміріне Үржар-Таскескен автожолының бойында микроавтобустың жанып кеткені туралы хабар түскен. Өртті сөндіруге Үржар ауданының Төтенше жағдай қызметіндегі жеке құрамның 4 маманы мен 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылып, сағат 6:30-да өшірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдай қызметі автокөліктерге қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды және өздерімен бірге өрт сөндіргішті  алып жүруді ескертеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.