{metadescription}
Күйеуі әйелін арматурамен ұрып өлтірді

Күйеуі әйелін арматурамен ұрып өлтірді

Өзбекстанда Сұрқандария облысындағы ауруханаларының бірінде 32 жастағы Максуда Алимардонова қайтыс болды.

Оны күйеуі үнемі ұратынына қарамастан, махалла ақсақалдары мен Әйелдер комитеті Максуданы жұбайымен қайта табысуға мәжбүрлеген. Марқұмның туыстарының айтуынша, күйеуі мас күйінде әйелінің басынан арматурамен ұрған.

Биыл 9 маусымда 32 жастағы Максуда Алимардонова аудандық ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның бас сүйегі жарылғанын, денесінің бірнеше жері көгергенін айтты. Бір күннен соң ол ауыр жарақаттан қайтыс болды. Марқұмның күйеуіне қарсы қылмыстық іс қозғалып, тұтқынға алынды.

"Он жыл некелескен уақытта 38 мәрте жанжалдасты. Күйеу бала қызымды ұрған сайын, бұл іске ерлі-зайыптыларды татуластыру комитеті, әйелдер комитеті және махалла комитеті араласты. Арты осындай қайғылы жағдаймен бітті", - деді марқұмның анасы Зиёда Меликулова.

Максуданың артында екі баласы қалды. Дүниежүзі банкінің "Әйелдер, кәсіп және заң - 2016" баяндамасында отбасындағы зорлыққа тыйым салынбаған 46 елдің ішінде Өзбекстан да бары айтылған.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.