{metadescription}
Жезқазғанда әйелді құтқармақ болған полицей пышақталды

Жезқазғанда әйелді құтқармақ болған полицей пышақталды

Жезқазған қаласында Пробация қызметінің қызметкері Гиа Баламамедов қаскөйден балалы әйелді  арашалаймын деп жараланды.

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Г. Баламамедовтың жұмыстан келе жатқан уақытында болған. Ол мас орта жастағы ер адамның  қолында баласы бар келіншекті соққыға жыққанын көреді. Кіреберістің темір есігіне соғылған әйел жерге сұлап түскен.

Құқық қорғау органының қызметкері бұл жағдайға көз жұмып кете алмай, дереу әрекет еткен. Дау-жанжалға дер кезінде араласқан Гиа Баламамедов әйел адамды баласымен құтқару нәтижесінде оларды аман алып қалып, өзі қаскөйдің қолынан пышақталды.

"Қазіргі кезде пробация қызметкерінің жағдайы бірқалыпты, Жезқазған қаласындағы Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған факті Жезқазған қаласы Полиция департаментінің Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген, қылмыскерге қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде